«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары әкімшілік іс жүргізуді зардап шегушінің өтінішінсіз де іске асыра алады. Дегенмен отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйел, яғни зардап шегуші, көп жағдайда күйеуіне психологиялық, қаржылық жағынан тәуелді болғандықтан мәселені ушықтырғысы келмей, татуласуға келісімін береді. Өткен жылы бізге еліміз бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанымын деп жазылған 190 мың өтініш келіп түсті. Соның 4/1 ғана сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы екіжақтың татуласуына байланысты тоқтылады. Осы орайда біз тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда екіжақтың татуласу процесін қайта қарауды қолға алып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта күйеуі тарапынан әйеліне қол көтеру қайталанған жағдайда, татуласуды болдырмау жоспарда бар», деді Алексей Милюк ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бәріңізге түсінікті болу үшін...
Қоғам • Бүгін, 18:39
Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асты
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Бразилияда 50-ден астам адам су тасқынынан қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:10
Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді
Үкімет • Бүгін, 13:34
Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден әлем кубогының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 12:12
Қазақстанның үш азаматы терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 10:13