Саясат • 08 Қараша, 2022

ОСК 12 өңірді аралады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қазаннан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау учаскелеріне әдістемелік көмек көрсету және президенттік сайлауға дайындықты тексеру үшін еліміздің 12 өңірін аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК 12 өңірді аралады

«Сайлау учаскелеріне әдістемелік көмек көрсету және сайлау учаскелерінің алдағы сайлауға дайындығына көз жеткізу үшін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлерге сапарларын бастады. Мен және менің әріптестерім 12 өңірде болдық. 17 қарашаға дейін қалған өңірлерге баруды жоспарлап отырмыз», деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетсек, ОСК барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға 100% дайындығын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.