Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023

Павлодар қаласының әкімі тағайындалды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының әкімі болып Хасар Хабылбеков тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласының әкімі тағайындалды

Өңір басшысы Асайын Байханов облыс орталығы әкімі жұмысының басым бағыттарын айқындап, қызметіне табыс тіледі.

«Павлодарды одан әрі дамыту, абаттандыру, қала тұрғындарының өмірін жақсарту - жұмыстардың басым бағыттары болуы тиіс. Ең алдымен, жылу беру маусымының басталуын және оның штаттық режимде өтуін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қала әкімдігінің жұмысында халықтың өтініштеріне белсенді және уақтылы жауап беру, мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау және мердігерлердің жұмысын қатаң бақылау қажет», деп атап өтті Асайын Байханов.

Хасар Айтпекұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар.

2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған. Техника және технология магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.

2017 жылдан 2021 жылға дейін облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Тереңкөл және Шарбақты аудандары әкімдерінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды.

2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы желтоқсанға дейін - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.