Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023

Гиннестің рекордтар кітабына енді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала күні қарсаңында алматылық екі мыңнан аса жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Айтулы мерекені шаһар әкімдігінің қолдауымен Тоғызқұмалақ қауымдастығы ұйымдастырды.

Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ой ұтқырлығын ұштап, табандылыққа тәрбиелейтін тоғызқұмалақ ойыны қала мектептерінде оқушылардың үздік үйірмесіне айналған. Ойын­ды жетік меңгерген жет­кін­шектер республикалық са­йыс­тарда жүлде алып жүр. Ал­маты қаласы Білім басқар­ма­сы­ның басшысы Ләззат Жыл­қы­баева мыңд­аған шәкіртті бір алаңда жинаған айрықша жоба қатысушыларына сәттілік тілеп, ойынды салтанатты түрде ашып берді. Кілемше үстіне жайғасқан тоғызқұмалақшылар бірнеше сағат бойы тапжылмай отырып өздерінің сүйікті ойнын ойнады.

«Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысқаныма екі жыл болды. Үйірмеде достарыммен, демалыс күндері әкеммен то­ғыз­­құмалақ ойнаймын. Ал мыңдаған адам жиналып ой­наған тіптен қызық екен. Бү­гінгі жобаға қатысқаныма қуа­ныштымын», дейді 10 сынып оқушысы Дана Сәлім.

Жас рекордшыларға сәт сапар тілеген Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов Алматы қала­сы тоғызқұмалақ зияткер­лік ойынының орталығы болып таңдалғанын, ұлттық ойынды әлемдік деңгейде дамыту бағы­т­ында ауқымды бас­тамалар қолға алынғанын жеткізді. Атап өтсек, 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралар тізіміне енген болатын.

 

АЛМАТЫ