Футбол • 12 Қыркүйек, 2023

Үш сатыға жоғарылады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чем­пионатының іріктеу турнирінің ке­зекті тур ойындары аяқталған соң ФИФА-ның рейтингі қайта жаңар­тылды.

Үш сатыға жоғарылады

Қыркүйек айында Қазақстанның ұлттық құрамасы екі кездесу өткізгені белгілі. Алғашында Финляндиядан ұтылсақ, іле-шала Солтүстік Ирландияны сан соқтырдық. Бұл матчтардың екеуінде де 1:0 есебі тіркелді. Соңғы ойындағы жеңістің арқасында жерлес­те­ріміз рейтингте үш сатыға жоғарылап, қа­зіргі кезде 101-орынды иеленіп отыр. Ал үз­діктер көшін былтыр әлем чемпионы атанған Аргентина құрамасы бастап тұр. Екін­ші орында – Франция футболшылары. Үздік үш­тікті Бразилия түйіндеді. Сондай-ақ ТОП-10 команданың қатарына Англия, Бельгия, Хорватия, Нидерланд, Португалия, Италия және Испанияның аяқдоп шеберлері енген.

Әрине, Қазақстанның ФИФА рейтингін­дегі қазіргі орны жанкүйерлерді қанағаттан­дырмайтыны анық. Осы орайда ең жақсы нәтижеге Қазақстан құрамасы 2016 жылы қол жеткізгенін айта кеткен абзал. Ол кезде жерлестеріміз 86-орынды иеленген еді.