Хоккей • 12 Қыркүйек, 2023

Бесінші рет жеңілді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» қатарынан бесінші кездесуде ұтылды. Бұл жолы Мәскеудің «Динамосына» есе жіберді.

Бесінші рет жеңілді

Мәскеу сапары жерлестеріміз үшін сәтті басталған еді. 12-минутта швециялық легионер Понтус Оберг есеп ашып, бізді бір қуантып тастады. 16-минутта Эрик О’Делл таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін қарқынын күрт күшейткен «Барыстың» ойыншылары тағы екі шайбаны қақпаға тоғытты. Бұл жолы Аркадий Шестаков пен Нельсон Ножье мергендік танытты. Сол сәтте елордалық клуб енді айдын иелеріне ойын тізгінін бере қоймас деп ойладық. Бірақ бәсекенің аяқталуына небәрі алты минуттай уақыт қалғанда Джордан Уил қатарынан екі мәрте нысананы дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Овертаймда «Динамоның» бағы жанды. Жеңіс голын Даниил Пыленков соқты. Есеп – 4:3.

Биылғы маусымда жеңілістен көз ашпаған «Барыс» қазіргі кезде 21-орынды қанағат тұтуда. Бізден кейін тек Тольяттидің «Ладасы» мен Балашиханың «Витьязі». Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз 16 қыркүйекте Астанада Владивостоктың «Адми­ралымен» өткізеді.