Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023

Ақаңның қолжазбасы ма?

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапхананың сирек қорында Ахмет Байтұрсынұлының «Шаруалық өзгерісі» атты 107 беттен тұратын қолжазбасы сақталған. Мұра төте жазумен жазылған. Жазбада алаш қайраткерінің шаруашылық, экономика, мәдениет тақырыптарын зерттеп жазған көлемді еңбегі топтасқан.

Ақаңның қолжазбасы ма?

«Ақаңның аталған қол­жазбасы кітапханаға қалай түскені белгісіз. 1940 жылы «Ар­найы сақтау қорына» тір­келіп, 1989 жылы «Сирек қор­ға» ауыстырылған екен. Со­дан бері сирек кітаптар мен қол­жазбалар қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар тарапынан қол­жазбаға назар аударылып, соңғы жылдары зерттеу жұ­мыс­тары жүргізілуде», дейді Ұлт­тық кі­тап­хана директоры Ба­қыт­жа­мал Оспанова.

Қолжазба сары қағаздан жасалған дәптерге жазылған. Жазуы үлкен. Әр бетіне 14-15 жол жазу сыйған. Жәдігердің алғашқы парағының шеке­сіне төте жазумен «Ахмет Байтұр­сынұлы» деп автордың есімі жазылса, одан кейін «Шаруалық өзгерісі» деп еңбектің аты көрсетілген. Әрбір тарау аяқ­талған тұста автор «А.Б» деп тө­те жазумен қолтаңбасын қойып отырған. Бұл жәдігер әзір­ге ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­сынұлының өз қолымен жаз­ған жалғыз еңбегі саналып отыр.

Қолжазбасының жеті тарауы бүтін сақталған. Ақаңның бұл зерттеу жұ­мысы алғаш «Қазақ» газетінің 1915 жылғы (№145, 146, 147, 148, 158, 161, 163) және 1916 жылғы (№167) сандарында жарық көріпті. Ал қолжазбаға кірмеген тағы бір тарауды зерттеушілер «Қазақ» газетінің кезекті бір нөмірінен тауыпты. Осыған қарағанда, қолжазба сегіз тараудан тұрған көрінеді.

Бірақ «Қазақ» газетінде жария­ланған жеті тарауда ав­тордың аты жоқ. «Де­сек те, бұл жазбаның иесі А.Бай­тұр­сынұлы екені анық. Ақаң бұл еңбекті 1930 жылдары жаз­ған болуы мүмкін» дейді зерт­теушілер.

Жәдігермен таныс­қан А.Бай­­­тұр­­сын­­­ұлы музей-үйінің мең­геру­шісі Әді­­лет Ахметұлы: «Ақаң бұл ең­­бегінде «Мәдениет қырқалары», «Мә­­дениет тө­белері», «Мәдениет жұғы­сы», «Мә­дениеттің тараған жолы», «Мәдениет бесігі» сынды тақырыптарды қаузағаны байқалады. Соған қарағанда бұл еңбек өткен ғасырдың ба­­сында тәркіленіп, күні бү­гінге дейін табылмай келе жат­қан А.Байтұрсынұлының «Мә­дениет тарихы» атты жаз­басының бір бөлімі болуы да мүмкін» дейді.