Теннис • 20 Қазан, 2023

Жібек Құламбаева Франциядағы турнирдің финалына шықты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева Польшаның спортшысы Мартына Кубкомен дуэт ойнап, Шербургте (Франция) ITF турнирінің жұптық сайысында финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жібек Құламбаева Франциядағы турнирдің финалына шықты

Фото: Sports.kz

Жартылай финалда Құламбаева мен Кубко бельгиялық теннисші Мари Бенуа мен француз Тиффани Лемаитрмен ойнады. Бірінші сет қазақ спортшысы мен оның серіктесіне бұйырды – 6:2. Екінші ойында 4:2 есебімен Құламбаева мен Кубконың пайдасына қарсыластары ойыннан шығып қалды. Осылайша Қазақстан теннисшісі жарыстың финалына шықты.

Бұған дейінгі турнирде Жібек Құламбаева мен Мартына Кубко  француз Диана Мартынов пен Ұлыбритания өкілі Матильда Мутавджичті 6:7, 6:1, 10:5 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Шербург турнирінің жүлде қоры 25 000 долларды құрайды.