Спорт • 26 Қазан, 2023

Қос азаматымыз – финалда

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның бас шаһары – Буда­пештте өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатының финалына екі отандасымыз жолдама алды.

Қос азаматымыз – финалда

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қайсар Ал­пысбай (60 кг) мен Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) өз салмақтарындағы іріктеуден сүрінбей өтіп, алтын жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Кумите бағдарламасының жартылай финалында Қ.Алпысбай 2018 жылғы әлем чемпионы италиялық Анджело Крешенцодан 5:1 есебімен басым түсті. Енді Қайсар алтын медаль үшін Еуропа ойындарының үш дүркін жүлдегері грекиялық Христос-Стефанос Ксеноспен күш сынасады.

Ал М.Жаңбырбай жартылай финалда қыз­дар арасындағы әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Венесуэла өкілі Йогелис Салазарды айқын басымдықпен жеңіп (11:3), жаһандық доданың сенсациясын жасады. Ол финалда италиялық Ерминия Перфеттомен кездеседі.

Осылайша, каратэден әлем чемпионат­тарының тарихында алғаш рет екі жерлесіміз финалға шығып отыр. Сондай-ақ тағы екі отан­дасымыз – Дидар Әмірәлі (67 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль үшін тала­сады.