Футбол • 30 Қазан, 2023

Құрамадағы қырық футболшы

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино мен­ Словения құрамаларымен өте­тін ойындарға шақы­ры­ла­тын футбол­шы­лар­дың тізімін жариялады.

Құрамадағы қырық футболшы

Бұл жолғы кеңейтілген тізімге 40 ойыншы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бек­хан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруц­кий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (бар­лығы – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Мароч­кин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым (барлығы – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Вла­дис­лав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячес­лав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»), Бақдәулет Зүлфикаров («Қайсар»). Оқу-жат­тығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек белгілі болады.