Теннис • 29 Қазан, 2023

Қарсыластары анықталды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Канкун қаласында жа­ла­­­уы желбіреген WTA қорытынды тур­ни­рі­нің жеребесі тартылып, Елена Р­ы­ба­­­ки­­наның қарсыластары белгілі болды.

Қарсыластары анықталды

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақ­стан­ның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Е.Рыбакина алғаш рет қатысып жатқан жарысында әлемнің 1-ракет­касы Беларусь Арина Соболенко, амери­ка­лық Джессика Пегула (5), грекиялық Ма­рия Саккаримен (9) бір топта сынға түседі. Екін­ш­і топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7), Маркета Вондроушова (6) ой­най­ды.

Әр топтан үздік шыққан екі теннисші жартылай финалға жолдама алады. Жерле­сі­міз тұсау­кесер кездесуін бүгін таңда Д.Пегу­ла­мен өткізді. Екеуі бұған дейін үш рет шеберлік бай­қа­сып, екеуінде америкалықтың бағы жанған.