Спорт • 01 Қараша, 2023

Елена Рыбакина алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Канкунде (Мексика) өтіп жатқан WTA финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

Рыбакина екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен ұтты. Осы жеңісінің арқасында Лена топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Екінші айналымның тағы бір кездесуінде Джессика Пегула әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы 6:4 6:3 есебімен ұтып, турнирдің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.

Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.

Ал Александр Бублик Париждегі Мастерстің үшінші кезеңіне шықты. Қазақстан теннисшісі екі тайбрейкте Чили өкілі Николас Гарриді 7:6 (3), 7:6 (3) есебімен жеңді. Ширек финалға шығу үшін Бублик ресейлік Даниил Медведев пен болгарлық Григор Димитров арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.