Теннис • 07 Қараша, 2023

Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: ktf.kz

Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина теннисшілерін ұтты.

Бірінші болып кортқа шыққан отандасымыз Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) Соль Айлинді (117 ITF Juniors ranking) 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді. 

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12. Жалпы есепте 2:1 ұпайымен біздің жасөспірімдер жеңіске жетті. 

Командалық әлем чемпионатының «В» тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбритания өкілдері бірінші ойында Бразилия спортшыларын 3:0 есебімен ұтты.

Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бразилия теннисшілеріне қарсы ойын өткізеді.