ANTIKOR • 21 Желтоқсан, 2023

Спорттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тексеріледі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласында жемқорлық әрекеттердің бар-жоғын анықтап, талдау жүргізеді. Антикор Туризм және спорт министрлігін тексеруді бастайды, деп жазады Egemen.kz.

Спорттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тексеріледі

Коллаж: Әбілқасым Есентаев

Талдау шеңберінде Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатыны белгілі болды.

«Бұдан бөлек, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенеді. Талдау агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі», делінген Антикор хабарламасында.