Спорт • 03 Қаңтар, 2024

Елена Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің төртінші ракеткасы, отандасымыз Елена Рыбакинаның  Австралияда өтіп жатқан  WTA 500 айтулы додасындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды

Фото: olympics.com

Жерлесіміз халықаралық турнирді екінші айналымнан бастайды, қарсыласы – әлемдік рейтингте 124-орында тұрған австралиялық теннисші Оливия Гадеки.

Брисбен қаласында өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы 7 қаңтарда анықталады. Былтыр Australian Open турнирінде чемпион атанған Арина Соболенко да осы додада бақ сынайды. Үздіктердің қатарында ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралған Наоми Осака да бар.