Президент • 07 Қаңтар, 2024

Президент теннисші Елена Рыбакинаны Брисбен турниріндегі жеңісімен құттықтады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Австралиядағы беделді Брисбен турнирінде ел теннисшісі  Елена Рыбакина жеңіске жетті. Осыған орай мемлекет басшысы спортшыны құттықтап, ізгі тілек білдірді. Қ. Тоқаевтың құттықтауын  Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Президент теннисші Елена Рыбакинаны Брисбен турниріндегі жеңісімен құттықтады

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.