Спорт • 19 Қаңтар, 2024

Үстел теннисінен үстем болды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирінде отандасымыз чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Үстел теннисінен үстем болды

Фото: @sportqazaq

@sportqazaq мәліметінше Қазақстан үздігі Кирилл Герасименко жарыс барысында америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Менгельді 3:1, португалиялық Жоао Монтейруді 3:2 көрсеткіштерімен жеңіп, шашасына шаң жуытпады.