Спорт • 01 Ақпан, 2024

«Еліміздегі ең үздік көрсеткіш» 16 жасар теннисші 16 орында

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 жасар Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға жоғарылады. Осылайша, отандық жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

«Еліміздегі ең үздік көрсеткіш» 16 жасар теннисші 16 орында

Фото: ktf.kz

Бұған дейін Қазақстан тен­нисі түлектерінен ешкім жасөспірімдер арасын­дағы әлемдік рейтингте дәл бұлай жоғарыламаған.

Осыған дейін рейтингте 27-сатыда тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чем­пио­натының ширек финалына дейін жеткен еді.