Қоғам • 07 Наурыз, 2024

Отбасы мәртебесі туралы

38 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтті.

Отбасы мәртебесі туралы

Суретті түсірген – Игорь Бургандинов

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдері қаты­сып, отбасылық-демографиялық сая­сат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және эко­но­ми­калық қолдау, балалардың құқық­та­ры және басқа да көптеген маңызды мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отба­­сылық-демографиялық саясат жө­нін­дегі ұлттық комиссия мүшелеріне мерей­тойға орай құттықтау хат жолдады.

«Комиссия гендерлік тендікті қам­тамасыз ету, отбасы институтын ны­ғайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиім­ді мінберге айналды. Ұлттық комис­сияның сарапшылары заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысып, маңыз­ды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып келеді. Кейінгі кезде елімізде әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімі жо­йыл­­ды, сайлау квоталары енгізілді, ішкі істер органдары жүйесінде әйел құ­қық­тарын қорғау жөніндегі арнаулы бөлімдер құрылды. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғам­дағы мәртебесін көтеру және отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, бар­ша­ға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жо­лын­да нақты қадамдар жасаймыз», делін­ген Президенттің құттықтау сө­зінде.

25 жыл ішінде ұлттық комиссия отбасылық және гендерлік сая­сат­тағы өзекті мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүйесін құра алды. Комиссия мен серіктестердің бірге атсалысуының арқасында әйелдер, отбасы және балалар құқықтарын қорғауға бағытталған жүздеген табыс­ты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Комиссия осы салада маңызды шешімдер шығарып, оларды іске асыруға белсенді араласатын бірегей органға айналды.

«Amanat» партиясының хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және басқа да спикерлер комиссияның рөлі ай­тарлықтай ерекше екенін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар әйелдер құ­қық­тары мен отбасылық құнды­лық­тарды қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнатып, бірлесіп жұ­мыс атқаруға дайын екендігін жет­кізді.

Форумды қорытындылаған Аида Балаева бүгінгі жиын отбасы мәр­тебесін арттыруға, гендерлік тең­дікті сақтау жұмыстарын одан әрі дамытуға, жетістіктер мен перс­пек­тиваларға жол ашып, бірлескен жұ­мысқа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.