Алматы • 11 Наурыз, 2024

Академияның жаңаша күн тәртібі

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Достық үйінде Ұлттық ғылым академия­сының ұйымдастыруымен еліміздің ғылым саласын жаңғырту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған салалық және қоғамдық академия басшылары қатысты.

Академияның жаңаша күн тәртібі

Алқалы жиынды жүргізген Ұлттық ғылым акаде­миясының президенті Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшысының Ұлт­тық ғылым академиясын ре­фор­­малап, оның бүгінгі заман тала­­бына сай мақсаты мен мін­­де­тін қайта айқындауды қол­­дап отырғанына баса назар аудар­ды.

«Мемлекет басшысы Қ.То­қаев ғылым саласын дамы­ту­ға аса зор көңіл бөліп отыр. Соның нәтижесінде жаңадан Ғылым және жоғары білім министрлігі, Президент жанындағы Ғылым мен технологиялар кеңесі құ­рыл­ды. Ұлттық ғылым академиясына жаңа мәртебе беріліп, ғылым саласын қаржыландыру 3 есеге артты. Ғылым саласы­на көрсетілген қолдау ғалым­дар қауымдастығына үлкен мін­дет жүктейді. Осы орайда Ұл­т­тық ғылым академия­сын тәуелсіз, әкімшілік емес, ми­нистрліктердің мін­дет­те­рін қайталамайтын, Үкі­мет­ке сараптамалық тұжы­рым­дар беретін және форсайт­тық ізденістер және де тех­но­логиялық болжамдар негізінде отандық ғылымның стратегиялық даму бағыттарын анықтайтын органға айналдыру міндеті тұр. Сондай-ақ ғылыми ізденістердің әлемдегі алдыңғы қатарлы ғылыми орта­лықтары мен мектептерінің тәжірибесіне негізделген жаңа форматын ұсынатын боламыз. Ұлттық ғылым академиясы ел ғылымының интеграцияланған жүйесін жасап, мемлекетіміздегі ғылым әлеуетінің қорын құра­тын болады. Сонымен қатар ғылым саласына талантты жастарды тартуға мейлінше ықпал етеміз», деді ол.

Жиын барысында Қазақстан ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбден, Қазақстан Экономикалық ғалымдар акаде­миясының президенті Рахман Алшанов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғалымдар ака­де­миясының бірінші вице-президенті Владимир Школь­ник, Ауылшаруашылығы ғы­лым­дары академиясының пре­зи­денті Тілектес Есполов, Ха­лық­аралық Репродуктология академиясының президенті Вячеслав Локшин сөз алып, Ұлттық ғылым академиясының жаңаша қадамына қолдау біл­діріп, өздерінің нақты ұсыныс­тарын айтты.

Сондай-ақ ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін көтерген ғалымдар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын жетілдіру, ғылыми жобаларды, өнертабыстарды өндіріске енгізу, ғалымдардың мәртебесін көтеру мен қаржыландыруға қатысты тұшымды ойларын ортаға салды.

Жиын соңында Ұлттық ғылым академиясы мен салалық және қоғамдық академиялар ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

 

АЛМАТЫ