Технология • 14 Наурыз, 2024

Цифрлық саладағы мүмкіндік

32 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шындығында қазір әлем саусақ ұшымен басқарылатын жағдайға жетіп қалды. Енді бір 40-50 жылдан соң қандай мүмкіндіктерге жетіп, нені мүмкін ете алатынымызды ойлаудың өзі ақылға сыймайды. Мұның барлығы әлемнің ғалымдары ойлап тауып, сандық технологияның көмегімен қолданысқа енген құрылғылар.

Цифрлық саладағы мүмкіндік

Қазіргі уақытта заманауи ақ­па­­раттық-технологиялардың мүм­кіндігі зор. Солардың ішінде ең сапалысы – цифрлы технология. Яғни қай салада болсын сіз сол цифрлы технологияның көмегіне мұқтажсыз. Өйткені ол жұмысыңызды жеңілдетіп қана қоймай, уақытыңызды үнем­дейді. Сондықтан қай салада болсын, бұл технология – жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отырған айрықша мүмкіндік. Дәл қазіргі кезбен алатын болсаңыз, мұндай оң өзгерісті – заман талабы деп қарау түсінікті жағдай. Осыған орай, еңбек нарығында да үлкен өзгеріс болатыны көрініп-ақ тұр. Озық технология­ларды білікті­лік бастауы десек, еліміздің алға басуы ақпараттық технология, яғни ІT саласының дамуымен айқындалады. Бұл үдеріс осылай жалғаса да бермек. Мұның барлығы – осы ғасырдың ақиқаты. Оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдайды және жан-жақты мүмкіндіктерге да­йын болу керектігін ұдайы айтып келеді. Оған Президенттің Үкімет отырысында айтқан сөз­дері дәлел.

«Біз мемлекеттік және қар­жы қызметтерін цифрландыру ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 88 пайызға жетті. 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 50 пайыздан аспаған еді. Небәрі төрт жылдың ішінде Қазақстанда қаржы технологиясы қарқынды дамы­ды. Бұл жетістік экономиканың бас­қа салаларына да үлгі болу­ға тиіс. Оларды да цифрландыру ісін қолға алатын кез келді. Кейінгі жылдары ғылым саласына бөлінетін қаржы айтарлық­тай көбейді. Соның арқасын­да министрліктер зерттеу институттарымен бірлесе отырып, жа­санды интеллектіні өз сала­сында қолдануға мүмкіндік беретін жобаларды ұсына алады. Әрине, ең алдымен, білікті кадрлар қажет. Үкімет осы сала бойынша озық білім беру бағ­дарламаларын әзірлеуге тиіс. Бұдан бөлек, шетелдің бел­гілі мамандарын тарту үшін Digital Nomad Residency арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Яғни елімізді әлемдегі «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналдыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, заманның ағымынан қалмау керек. Цифрлық технологияны неғұрлым жедел әрі тиімді пайдалансақ, даму қарқыны­мыз да соғұрлым табысты болмақ», деген болатын Мемлекет басшысы аталған жиында.

Жетекші елдер цифрландыру саясатына тың серпін беріп, жаңа жобаларын жү­зеге асырып жатыр. Прези­дент айтқандай ен­дігі меже осы мүмкіндіктерді қазақ жерінде де жүзеге асыру Үкіметтің ал­дын­­­дағы басты мін­деттер са­на­­­­тына енуі керек. Мәселен, Қытай өзінің «Интернет плюс» бағ­дарламасында цифрлық салаларды дәстүрлі өндіріспен бірік­тіреді. Ал «ақылды экономи­ка» қалыптастырып, Smart Nation тұжырымдамасын әзірлеген Син­гапур болса, бизнес және са­­рап­шылар қауымдастығын ынты­мақтастыққа шақыра­ды. Соны­мен бірге Оңтүстік Корея «Кре­а­тивті экономика» бағ­дар­лама­сында адам капиталы мен кәсіп­керлікті дамытуға және АКТ жетіс­тіктерін таратуға баса назар ауда­рып отыр. Бұл елдер­дің логис­тика мен экономикада көші ілгері.

Жаһандық озық тәжірибе­лер­ді қолдану халықтың өмір сапасын жақсартып, сапалы әрі жылдам қызмет алуға жол ашады. Жаңа технология­лар экономикалық өсімге, түрлі са­ла­лардың дамуына, қағазбас­ты­лықтан біржола құтылуға сеп­тігін тигізеді. Сонымен бірге қар­жыны тиімді пайдаланып, ақпараттық қауіпсіздікті арттырады, «ақылды қалалар» тұр­ғызу жоспарын жеделдетеді. Біз куә болып келе жатқан бү­гінгі буынның осы саладағы мүмкіндігі алдағы жылдар бе­де­рінде айтарлықтай нәтиже бе­руге тиіс. Бұл үшін ел үкіметі мүм­кіндікті де, қаржыны да аямауы керек. Сонда ғана еліміз Пре­зидент айтқандай әлемдегі «цифр­лық көшпенділердің орда­сы­на» айналары анық.

 

Назарбек Нұрманов,

Арал инустриалды-техникалық колледжі өндірістік оқыту шебері