Спорт • 18 Наурыз, 2024

Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды

1123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше, финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының 4-еуі алтын, 4-еуі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды

Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan/

Белград бокс додасында Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Диас Молжігітов чемпион атанды.

Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күміс медаль жеңіп алды.

Аталған жарыста еліміздің намысын 12 боксшы қорғады.