Медицина • 18 Наурыз, 2024

Министр медициналық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан азаматтар медициналық тексерістен тегін өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Министр медициналық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты

Фото: med.mcfr.kz

Министр халық тарапынан диагнозды анықтауға арналған клиникалық-медициналық зерттеулерге арыз-шағымдар жиілегенін әрі мұндай қызмет барлық адамға қолжетімді емес екенін айтты.

«Енді әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдықты деген күдікпен келген адамдарға диагностикалық зерттеулер тегін көрсетіледі. Бұл қызметке жүгінушінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамайды. Әрбір пациентпен жеке-дара жұмыс істеу нормасын енгізіледі. Мәселен, бұған дейін қант диабеті, қан қысымы сияқты ауруға шалдыққан адамдарды емханаға бақыласа, жаңа норма енгізілгеннен кейін созылмалы ауруы бар барлық пациентті дәрігерлер тобы қадағалайтын болады. Сондай-ақ динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізімі кеңейтіледі», деді Ақмарал Әлназарова.