Технология • 19 Наурыз, 2024

Цифрлық технологияның мүмкіндігі

41 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ІІМ-дегі «Digital Police Day»: «Заң мен тәртіпті цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында өткен форумға мемлекеттік және құқық қорғау органдары, IT-компаниялар, азаматтық қоғамдастықтың өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері және студенттер мен курсанттар қатысты.

Цифрлық технологияның мүмкіндігі

Басқосуда полиция ве­дом­­ствосының өкілдері по­ли­­цейлердің күнделікті қыз­метінде, қауіпсіздікті қам­тамасыз етуде, құқықбұзу­шы­лықтың алдын алуда және қылмысқа қарсы кү­рес­те қолданатын заманауи тех­нологияларға кеңінен тоқ­тал­ды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құқық қорғау са­ласында заманауи техно­л­огия­ларды кеңінен қолда­ну Мем­лекет басшысының ­жүк­теген мін­дет­терінің бірі екенін атап өтті.

«Қазір бізде саланы бюро­кра­тиядан арылту және оңтай­лан­дыру үдерісі белсенді жүр­гі­зіліп жатыр. Полиция қыз­­мет­­керлерінің басты назары құқықбұзушылықтар мен қыл­мыс­тардың алдын алуға, өздерінің негізгі міндетте­рін орындауға бағытталған. Цифр­лық шешім­дер азамат­тар­дың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету кезінде тәртіп сақ­шы­лары жұмысының тиім­ділігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ ықтимал құқық бұзу­шыларды тәртіпке келті­руге де көмектеседі», деді ІІМ басшысы. Қоғамдық қа­уіп­сіздікті қам­­та­масыз ету мақ­­сатында ми­нистр­лік жаппай бейне­ба­қылау жобасын іске асырып жа­тыр. Қазіргі таңда елімізде 1 млн 318 мың бейнекамера жұ­мыс істейді. Оның ішінде по­ли­цияның ­жедел басқару орта­лықтары мен кезекші бө­лім­деріне 274 мың камера қосылған.

Жыл басынан бері ка­ме­ра­лардың көмегімен 96 мың­ға жуық әкімшілік құқық­бұзушылық тіркеліпті. 1,5 мың қылмыс ашы­­лып, 870 мың жол жүру ережелері бұзу дерегі анықталған. Жи­нал­ғандарға азаматтардың қауіп­­­сіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті қор­ғау бо­йынша жасанды ин­тел­лектіні пай­далану мүм­кін­дік­тері көрсе­тілді. ҚАЖ меке­мелері мен қыз­меттік үй-жай­­лардағы үздіксіз бейне­ба­қылау, смартжетондар, да­был батырмалары, хабарла­маларды қабылдаудың көп­арналы жүйесі және жол жүрісі қағидаларын бұзу­шыларды анықтауға көмек­тесетін «Қорғау» жүйесі таныстырылды.

Интернеттегі алаяқтық­қа қар­сы іс-қимыл жөніндегі «Cy­berPol» жобасы да сөз болды. По­лиция байланыс оператор­ларымен бір­лесіп, ауыспалы нөмірлерден жа­салатын қоңырауларға тех­ни­калық тосқауыл қойыпты. Соның арқасында 44 млн-нан астам қоңырау бұғатталған. Бұл өз кезегінде зардап шек­кендердің санын 2,5 есеге қысқартуға мүм­кіндік берді. Бұған қоса елден тыс жерге шығарылғалы жатқан шамамен 246 млн теңге дер ке­зінде анықталған.

Сондай-ақ қылмыстық үдерісті және полицияның халық­қа көрсететін мемлекет­тік қызмет­терін цифрлан­ды­ру мәселесі қарал­ды. Осылай­­ша, форум зама­науи ақпарат­­тық технология­лар саласын­дағы ірі диалог ала­ңына айнал­ды. Іс-шараға қатысу­шылар ­өз ұсыныстарын айтып, пікір­лерімен бөлісіп, өздерін тол­ғандырған сауалдарын жолдады.