Спорт • 20 Наурыз, 2024

Афинада атой салды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның астанасы Афинада көркем гимнастикадан талай жылғы тарихы бар дәстүрлі Афродита кубогі аяқ­тал­ды.

Афинада атой салды

Фото: olympic.kz

Ежелгі Эллада елінде 19 жастағы Айбота Ертайқызының асқан шеберлігіне тәнті болдық. Бұған дейін де бірқатар байрақты бәсекеде дараланған қазақ қызы бұл жолы «таспа» мен «ұршық» жаттығуында алтын­нан алқа тақса, «доп» сайысында қола ме­дальді қоржынға салды. Дәл сол «доп» бәсе­кесінде Эрика Жайлауова жеңімпаз атанды. Тәжірибесі толысқан Милана Парфилова да Афинадан құр қол қайтқан жоқ. Ол «таспада» күміспен күптелсе, «ұршықта» қолаға қол созды. Сондай-ақ мың бұралған аруларымыз топтық турнирде де үздіктер қатарына қо­сылды.

Қазақ елінің көркем гимнасшылары үшін ендігі үлкен сынақ – Азия чемпионаты. Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын бұл жарыс 6-11 маусым аралығында Ташкентте өтеді.