Пікір • 20 Наурыз, 2024

Талай іске ұйытқы

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына елеулі өзгеріс әкелгеніне тарих куә. Қаңтар оқиғасынан кейін құрылып, алғашқы жиынын – Ұлытауда, екіншісі – Түркістанда, Наурыз қарсаңында Атырауда өткен Ұлттық құрылтай да солардың қатарында болатыны анық.

Талай іске ұйытқы

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Құрылтайда айтылған сөз жаңа саяси қоғамдық мәміленің негізін қалыптастырары сөзсіз. Қазақстан дамуының негізгі қағидаттары – әділдік, жауапкершілік, өрлеу. Атырауда өткен құрылтайда осы қағидаттарды жүзеге асыруға бағытталған жаңа идеялар мен ұсыныстар ортаға тасталып, жаңа міндеттер айқындалды. Ең бастысы – жаңа құндылықтар жү­йесі ұсынылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда мем­ле­кет­тік, ұлттық құнды­лық­тар­ды берік орнықтыра түсуге ба­ғытталған маңызды дүниелерді атады. Мә­се­лен, кітап оқу мәде­ниетін қо­ғамда барынша ор­нықтыру үшін нақты қадам жасалады. Бұл – озық ойлы ұлт болудың төте жолы.

Қазақстан тарихы тым тереңде жатыр. Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасты. Алтын орда тарихын, брендін қалыптастыру. Яғни Мем­лекет басшысы әлемдегі Алтын Орда туралы түсінік Қазақ­стан­мен байланысты болуы керек деген түйінді айтты.

Мемлекет басшысы, тарихшылар мен мәдениетттанушыларға, құзырлы органдарға жаңа міндеттер мен тиісті тапсырма берді. Ұлт­тық бірегейлікті сақтауда елді толғандырып жүрген радикалды неофиттер жайлы орынды айтылды. Құрылтайда тарих, мәдениет идеология саласының бағдары ғана емес, ұлттық бірегейлікті ны­ғай­ту, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Мә­селен, Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сымен ауыл, аудан орталығы тұр­ғын­дарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Осы­лайша, Атырауда өткен Құ­рыл­тай алдағы талай іске ұйытқы болғалы тұр.

 

Айгүл ҚАПБАРОВА,

Сенат депутаты