Пікір • 20 Наурыз, 2024

Сарайшықты зерттеудің маңызы

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Ұлттық құрылтайда қадау-қадау мәселелерді көтерді. Оның ішінде Жайық өзенінің жағалауындағы көненің көзі – Сарайшық қалашығына баса маңыз беріп отыр. Бірақ Сарайшықтың зерттелу жағы, құндылықтарын дәріптеу жағы әлі жетіспейді. Оның себептерін анықтаған жөн.

Сарайшықты зерттеудің маңызы

Жалпы, мұнайлы өлкеде екі нәрсе қолға алынуға тиіс. Оның бірі – Бейбарыстың ғылыми орталығы болуы қажет. Былтыр араб елінде болған кезімізде сондай орталық құрылған еді. Арабтық әріптестер оны Қа­зақ­стан­мен бірлесіп құруға ынталы болып отыр. Бұл істе ғалымдарды тарту, қар­жыландыру мәселесі лайықты шешілуі керек.

Біз дауылпаз ақын Махамбетті ұмытып кеттік. Оның мұрасын жаңаша зерттеу ғылыми орталықтардың міндеті деп білеміз. Меніңше, Атырау өңіріндегі жоғары оқу орындары осыған жете көңіл бөлуі керек. Әрине, тек университеттер ғана емес, облыстағы мәдениет басқармасы, басқа да орталықтар осы мәселені қолға алса деген ұсынысым бар.

Жазушылар ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына үлес қосып жүр. Биыл жеті аталым бойынша «Құлагер» бәйгесі жарияланды. Ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді ұлық­тау үшін жаңа көркем шығармалар анық­та­лады.

Біз еліміздегі көркем шығарманың дең­гейін көтереміз. Алайда қазақ әдебиетінің кемшін тұсы көп. Әсіресе қазақ прозасы мен поэзиясы шет тіліне дұрыс аударылмай жатыр.

 

Мереке ҚҰЛКЕНОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы