Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

80 отбасы баспаналы болды

22 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы Наурыз мерекесі Орал қаласындағы 80 отбасының есінде қалатын болды. Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

80 отбасы баспаналы болды

Айтулы іс-шара Наурыз­на­маның Ынтымақ күнімен қатар келді. Өңір басшысы жинал­ғандардың барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру басты міндет екенін әрдайым айтып келеді. Соның ішінде әр отбасын тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар ерек­ше маңызға ие. Бүгінде Орал қала­сында мемлекеттік бағ­­дар­л­а­малар арқылы 14 көп­пә­терлі үй салынып жатыр. Мем­ле­кеттік бағдарлама аясында са­лын­ған көпқабатты тұрғын үйлер «Отбасы банк» арқылы кезекте тұр­ғандарға жеңілдетілген пайыздық несиемен беріледі. Бүгін де осы бағдарлама арқылы кезекте тұрған 80 отбасы бас­паналы болды. Жаңа пәтер иелерін құттықтаймын, – деді өңір басшысы.

Президент тапсырмасы бо­йынша елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы қолға алынған еді. Жаңа тұрғын үй құрылысы осы жоба аясында жүзеге асқан. Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қыз­ме­ті хабарлағандай, баспаналы болғандардың көпшілігі – мүм­кіндігі шектеулі, сондай-ақ пәтер кезегінде тұрған жандар.

– Көп жыл кезекте тұрдық. Енді, міне, арманымыз орындалды. Мемлекетке ризамыз. Биылғы Нау­­рыз мейрамын жаңа пәтер­де қар­сы алатынымызды ойла­сақ, қуа­нышымызда шек жоқ, – де­ді жаңа пәтер иесі Нұргүл Есе­на­лиева.

Айта кетейік, Орал қаласында биыл 1400-ден аса жаңа пәтер пайдалануға берілмек.

 

Батыс Қазақстан облысы