Көрме • 27 Наурыз, 2024

«Әзірет Сұлтан» – Татарстанда

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстандағы «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халық­аралық көрмесі ашылды. Мәдени іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйым­дас­тырып отыр.

«Әзірет Сұлтан» – Татарстанда

Экспозиция «Рухани аманат», «Ясауи мұрасы», «Түр­кістан – Түркі әле­мі­нің астанасы» атты 3 бөлімнен тұрады. Көр­меде мұражай-қорық қорынан архео­логиялық, нумиз­ма­ти­калық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғас­ты­рушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­сіне байланысты тарихи артефактілер бар.

Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ дала­сының ғасырлар бойы қа­лып­тасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады. Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.