Қоғам • 27 Наурыз, 2024

8 сәуірде күн тұтылады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТАСС ақпараттық агенттігі 8 сәуірде күн тұтылатынын хабарлады. Табиғат құбылысы 5 сағатқа созылуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

8 сәуірде күн тұтылады

Фото: AFP 2024 / Rob Kerr

Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі күннің тұтылу процесі, әсіресе, Мексиканың солтүстік аймағында анық байқалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ күннің толық тұтылуы АҚШ пен Канадада, Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы кейбір аралдарда да көрінеді. Жеке фазалардың тұтылуын Солтүстік және Оңтүстік Америка, Орталық Америка, Тынық және Атлант мұхиттары жағалауындағы елдер мен Батыс Еуропа тұрғындары тамашалай алады.

«8 сәуір күні күннің толық тұтылуы болады. Оның жалпы ұзақтығы бес сағаттан асады. Табиғат құбылысының көрінуі Астана уақыты бойынша сағат 20:42 - 01:52 аралығына тұс келеді. 1,029 максималды фазасы 4 минут 28 секундқа созылады», деп  жазды Мәскеу планетарийі.

Күн тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады.