Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырылған.
«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады», делінген хабарламада.
Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Аудан әкімдігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.
Тасқынмен күрес: 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Қоғам • Бүгін, 10:33
Сианьнан Алматыға туристік пойыз қатынайды
Туризм • Бүгін, 10:07
Алматы базарларында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Бірнеше өңірде өрт тұтану қаупі бар
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Қарағанды облысында мыңнан аса ағаш егілді
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Киберқылмыс: интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобы жойылды
Қылмыс • Бүгін, 09:36