Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

БҚО-да тағы бір ауданды су басып қалды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да тағы бір ауданды су басып қалды

Фото: БҚО әкімдігінен

«Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдай орын алған Сырым ауданына жол тартып, суға кеткен ауылдық елді мекен тұрғындарының қауіпсіз жерге көшірілуін қадағалады. Сондай-ақ Сырым ауданының аумағында апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді. Өңір басшысы түні бойы Төтенше жағдайлар министрімен байланыста болып, басқа облыстардан қосымша техникалар мен күштердің Батыс Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бағытталуын қамтамасыз етті», делінген БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Нариман Төреғалиев аудан орталығындағы су деңгейінің түскеніне көз жеткізген соң, Қаратөбе ауданындағы апаттық жағдайды бақылауға жол тартты.