Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Қостанай облысында 390 адам құтқарылды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының қызыл су басып жатқан аудандарында 390 адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Арқалықтың маңайындағы елді мекендерден 307 тұрғын, Амангелі ауданынан 37, Жангелдин ауданынан 46 адам құтқарылған, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында 390 адам құтқарылды

Фото: Қостанай облысы ТЖД

«Су басып қалған өңірлерде Қостанай облыстық ТЖД-ның, ЖАО-ның, ҚР ТЖМ-ның Қарағанды қаласындағы 52859-шы әскери бөлімшесінің, ҚР ҰҚК-нің облыстық ПД-нің, Қызылорда облысының ТЖД-нің «Қазавиақұтқару» қызметінің өкілдері, барлығы – 676, 215 техника, 77 мотосорғы, 8 қайық, 4 тікұшақ жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. 

аа