Шахмат • 28 Наурыз, 2024

Бибісара Асаубаева тағы бір беделді турнирдің жеңімпазы атанды

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Swiss Queens турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бибісара Асаубаева тағы бір беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022) Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday тоғызыншы онлайн турнирінде жеңіске жетті. Ол мүмкін болатын 11 ұпайдан 10,5 ұпай жинап, ең мықты қарсыластарынан екі ұпайға дейін озып кетті.

Айта кетейік, ФИДЕ-нің 100 жылдығын мерекелеу аясында Swiss Queens Wednesday атты онлайн-турнирлер сериясы өтіп жатыр. Оған ФИДЕ титулдары бар әлемнің ең мықты шахматшы әйелдері қатысып жатыр. Әр турнирдің жүлде қоры 1000 долларды құрайды.

Үздік бестікті Бибісара Асаубаева 10,5 ұпаймен (300 доллар) бастап тұр. Екінші орынды Теодора Иньяц – 8,5 ұпаймен еншілесе (250 доллар), үшінші орында 8,5 ұпай жинаған Савита Шри Баскар тұр (200 доллар). Вантика Аграваль 8 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаса (150 доллар), үздік бестікті 7,5 ұпай еншілеген Фам Ле Тхао Нгуен (100 доллар) түйіндеді.