Қоғам • 30 Наурыз, 2024

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр

Фото: «Қоғамдық келісім» ұйымы

Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараларда 50-ге жуық ерікті жүр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтері өкілдеріне ыстық шай, тамақ тарату бойынша көмек қолын созып жатыр.

Ақтөбе облысына 4 мың ерікті жұмылдырылды.

Қостанай облысына қарасты Амангелді ауданы және Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінен 400-ден астам ерікті тартылды.

Қазір еріктілер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарып жатыр.