Қоғам • 03 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккен оқушылар сауықтыру орталықтарына жолдама алады

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшылары қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомстоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасқыннан зардап шеккен оқушылар сауықтыру орталықтарына жолдама алады

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігі

Министр оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалар қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру тапсырылды.

Айта кетсек, еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын. Оқушыларды тасымалдау үшін министрлік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық пен ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Аппараттық кеңес барысында министр тасқын салдарынан қиын жағдайға тап болған педагогтерді қолдау мәселесіне де тоқталып, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әріптестеріне шынайы патриотизмі үшін алғыс білдірді.