Алматы • 10 Сәуір, 2024

PISA: Жаттықтырушыны шыңдау

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы сәуірден бастап Алматыда «Cambridge Inter­national» компаниясының математика және нақты ғы­лымдар бойынша Азиядағы серіктесі «Marshall Caven­dish»-пен бірлескен білім беру бағдарламасы жү­зеге асады.

PISA: Жаттықтырушыны шыңдау

Жақында Мемлекет бас­шы­сының қабылдауында бол­ған қала әкімі Ерболат Досаев осы жылдың мамыр-желтоқ­сан айлары аралығында ЭЫДҰ стан­дартын қолданып, 50 PISA жаттықтырушысы оқы­тылатынын, ал қыркүйектен бастап 14 PISA құзыретті­лік ор­­та­лықтарында «School Excellence Model» енгізілеті­нін мә­лімдеді. Ал алдағы оқу жылы­нан бастап қаладағы бар­лық мемлекеттік мектепте «PISA Artificial Intelligence» платформасы жұмыс істейді.

Сингапур – Marshall Caven­dish – PISA көрсеткішін жақ­сарту үшін қажет. Бұл халық­аралық тестілеу әртүрлі ел­дегі оқушылардың функ­ционалдық сауаты мен теориялық білімін тәжірибе­де қолдана білуін бағалауға мүм­кіндік беретін жаңаша білім беру әдісі.

Қазақстан PISA-2022 ха­лық­аралық зерттеуінің қоры­тын­дысы бойынша математика және жаратылыстану ғылымдары көр­сеткіші бойынша 50 елдің қа­тарына енді. Осы рей­тингте Алматы қаласы оқу­шылары «математикалық сауат­тылық» және «жаратылыстану сауаттылығы» бағыттары бо­йын­ша басқа өңірлерімен салыс­тырғанда жоғары көрсеткішке ие болды. Олар математикалық сауаттылықтан – 453, ғылыми-жа­раты­лыстану сауаттылығы бойынша – 458, оқу сауаттылығы тұр­ғысынан 423 балды құрап, жалпы рейтингте 3 орынға ие болды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Көрдік біз барып Күршімді

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Көкшедегі 16 мың көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Абайдың жаңа әні табылды

Абай • Бүгін, 07:35

Аңдатпа: «Абай»

Аңдатпа • Бүгін, 07:30