Қазақстан • 10 Сәуір, 2024

«Мәселе біздің қадағалауымызда» - Мәжіліс депутаты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарғын судан зардап шеккен аймақтар Мәжіліс депутаттарының жіті назарында. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазыбек Әлішев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Egemen.kz

«Мәселе біздің қадағалауымызда» - Мәжіліс депутаты

Бүгін әріптесім ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Садықов және AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұловпен бірге көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Темір ауданы Құмсай ауылына тағыда бір мәрте ат басын бұрып бүгінгі күні жасалған шаралармен танысып, партия тарапынан ауыл тұрғындарына гумманитарлық көмектерді табыстадық. Қазіргі таңда барлық зардап шеккен үйлер комиссиямен қаралып, шығынды анықтау үшін бағалау жұмыстары жүргізілуде. Уақытша тұру үшін жылы вагондармен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың жалғыз ғана тілегі тезірек тұрғын үйлерді салып бітіргізуге ат салысу, -  дейді депутат. 

Оның айтуынша, талап тілектердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, мәселе депутаттардың қадағалауында.