Алматы • 11 Сәуір, 2024

Алма көшеттерін екті

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көктемгі ағаш егу науқаны қыза түсті. Жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге тұрғындар өз еркімен үлес қосып жатыр. Алмалы ауданының орталығындағы Панфилов көшесіне 50 алма ағашы отырғызылды.

Алма көшеттерін екті

Ағаш отырғызу «Alma Qala» эко­логиялық бастамасының 10 жыл­дығына орайлас­тырылған. Жасыл-желек іс-шара­сына аталған жоба бас­­та­ма­шы­ла­ры­ның бірі, депутат Ерлан Стам­­­­беков, эко­­бел­сен­ділер мен қа­ла тұрғындары қа­тыс­ты.

Аудан әкі­мі Айдар Жа­­­­қы­б­аев­тың ай­­туынша, былтыр бас­­тамашы топ Пан­филов көше­сіне 15 Си­верс алма ағашын отыр­­­­­ғызған еді. Бір жылда бұл ағаш­­тар көк­теп, қа­­лаға көрік бе­ріп тұр. Сон­дық­тан жыл­­­дан-жылға аудандағы жа­сыл-желектер кө­­­бейе береді. Жаяу жүр­гіншілер ал­ма кө­шеттері егіл­ген көше­мен ертелі-кеш емін-еркін тыныс­тап, серуендей алады. Осы бастамаға мұрын­дық болған экобелсенділерге аудан тұр­ғындарының алғысы шексіз.

Қазір Алматы қаласында «Жасыл аула» акциясы іске асып жатыр. Осы бастама аясында Экология және қоршаған орта басқармасы көп қабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық орындарды көгалдандыруға ниетті алматылықтарға шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайың көшеттерін тегін үлестірді.

 

АЛМАТЫ