Президент • 13 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

Хабарламада: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді.

Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді», делінген.