Президент • 15 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

қ

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

қ

қ

қз