Алматы • 15 Сәуір, 2024

«3 тонна қоқыс»: Алматы облысында «Киелі мекен» акциясы өтті

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясы өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысты, арасында қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«3 тонна қоқыс»: Алматы облысында «Киелі мекен» акциясы өтті

Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді. Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады.

Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші.

Бірнеше сағат ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.

И

Мұндай әрекеттер ел азаматтарын тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада «Киелі мекен» акциясына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады. Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк-тиеу техникасы пайдаланылды.

Ол