Сенат • 16 Сәуір, 2024

Сенаторлар тасқын судан зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен кездесті

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге тастар мен топырақ төгу жұмыстарының барысын қадағалап, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты. Сондай-ақ депутат Шет ауданына су басқан үйлердің тұрғындарымен жүздесіп, тасқыннан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Сенаторлар тасқын судан зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен кездесті

Сағындық Лұқпанов Атырау облысында жергілікті атқарушы органдармен тасқын суға дайындық барысын талқылады және «Соколок» арнасымен қатар жаңадан екінші су өткізу арнасын салудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа 24 шақырымдық желі суды қаладан алыстатуға мүмкіндік береді.

Ал Сенат депутаты Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының жағалау аудандарында қорғаныс бөгеттерін салу барысын тексерді. Бұл аумақта бөгет салу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Сенатор тасқын судан зардап шеккен азаматтармен кездесіп, оларға эвакуациялық пункттердің жұмысы мен біржолғы материалдық көмек алу тетіктерін айтып берді. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін қандай құжаттар талап етілетінін түсіндірді.