Қазақстан • 16 Сәуір, 2024

Алматыда қар көшкіні жүрді

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қар көшкіні жүрді

Фото:Алматы ТЖД

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 16 сәуірде Медеу ауданындағы Альпинистік лагерьдің маңында көлемі 4 мың текше метрге жететін қар көшкіні жүрді.

«Қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және кіші Алматы өзендері бассейнінде қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты көшкін қаупі сақталады», деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде қар көшкіні қаупі әлі де сақталып отырғанын еске салды. Құтқарушылар қар көшкінін тудырмас үшін азаматтардан таулы аймақтарға бармауды және қарлы беткейлерге шықпауды ескертті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті