Оқиға • 16 Сәуір, 2024

Екібастұзда теміржолшы вагон астында қалып көз жұмды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда теміржол қызметкері вагон құрамының астына түсіп, алған жарақатынан көз жұмды. Жазатайым оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда теміржолшы вагон астында қалып көз жұмды

Фото: stan.kz

Бүгін, 16 сәуірде Екібастұз полициясы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіле бастағанын хабарлады.

«Медициналық сот сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижелері мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.