Қоғам • 16 Сәуір, 2024

Атырауда шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау әуежайында шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атырауда шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді

Фото:Мемлекеттік кірістер комитеті

Осы жылдың ақпан айында Атырау-Кутаиси бағытында халықаралық рейске отырғызу кезінде Грузия азаматынан 100 мың доллар (45 млн 7 мың 820 теңге) көлемінде қолма-қол ақша табылғаны хабарланды. 

«Өзге ел азаматының қол жүгінде 10 мың доллар болса, қалған 90 мың доллар багажында жасырылған. «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлері Атырау облысы бойынша шекара қызметі және экономикалық тергеу басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп, бақылау жүргізу барысында құқық бұзушының багажынан жасырын ақшаны тәркіледі», деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Енді тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді. Шетел азаматынан 90 мың доллар мемлекет пайданысына тәркіленіп, қалған 10 мың доллар Грузия азаматына қайтарылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті