Қоғам • 16 Сәуір, 2024

Су тасқыны кезінде 112,5 мың бас мал эвакуацияланды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 112,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны кезінде 112,5 мың бас мал эвакуацияланды

Министрлік су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жаунарлары үшін өтемақы төленетінін еске салды. Ең алдымен, иелік ету фактісі жануардың сәйкестендіру белгісімен (жапсырма, марка және т.б.) анықталады. Тіркеу болмаған жағдайда, куәларды тарта отырып, залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен жүзеге асырылады.

Меншік иелері жергілікті зиянды өтеу комиссияларына хабарласуы керек. Комиссия мүшелеріне өтемақы төлеуге қажетті құжаттар тапсырылады.

«Барлық өтініштер тек жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған ресми комиссияларға берілуі тиіс екенін ескеріңіз. Тек осы жағдайда ғана өтемақы төленеді», деді ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин.