Қылмыс • 16 Сәуір, 2024

9 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған бухгалтер-кассир сотталды

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған бухгалтер-кассир сотталды

Қостанай облысы Қамысты аудандық сотында жымқыру, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін қызметтік ережені пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы).

Сотта 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 16 тамыз аралығында Т. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып (бухгалтер-кассир) кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгедан астам сомада қолма-қол ақша қаражатын алып, жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Сот отырысында Т. өзінің кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы Т.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындауды, ұйымдарда 4 жыл мерзімге бухгалтерлік есепті орындауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады.

Оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі өзінің мойындау айғақтарынан басқа, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа материалдарымен расталды.

Сот Т.-ның шын жүректен өкіну мен жас балалардың болуын қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жағдайлар ретінде таныды.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.

Жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұраған жәбірленушінің позициясын ескере отырып, сот Т.-ға пробациялық бақылау белгілеп 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, 4 жыл мерзімге ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен кассир лауазымдарын орындауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Залалды ішінара өтеуді ескере отырып, азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.