Ауа райы • 17 Сәуір, 2024

Алты өңірде тоң әлі жібіген жоқ – Қазгидромет

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында топырақ тоңы жібіген жоқ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алты өңірде тоң әлі жібіген жоқ – Қазгидромет

Қостанай облысының солтүстігі мен орталығында топырақ тоңының тереңдігі бұрынғысынша айтарлықтай 75-84 см-ден 140-150 см-ге дейін. Жоғарғы қабаттың еруі көбінесе 18-29 см-ден 73 см-ге дейін (Қостанай, Наурызым аудандары), Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Әулиекөл, Жетіқара, Жангелді және Амангелді аудандарында топырақ жібіген.

Солтүстік Қазақстан облысында тоңның тереңдігі біркелкі емес – тереңдігі 40 см-ден 112 см-ге дейін өзгереді. Беткі қабатының жібуі баяу өтуде және тек 6-12 см-ден 50-58 см-ге дейін.

Топырақ тоңының толық еруі тек Булаев, Саумалкөл, Тайынша ауылдарының маңайларында, ішінара Жұмабаев ауданында байқалады. Өткен аптада Петропавл қаласында, Талшық, Явленка ауылдарында және Есіл ауданының оңтүстігінде еру байқалды.

Ақмола облысында – топырақтың толық еруі Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын және Сандықтау, Зеренді аудандарында байқалады.

Атбасар, Есіл, Астарахан аудандарында орта есеппен 30-дан 75 см-ге дейінгі қабатта, Біржан сал ауданында, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Бурабай аудандарында және Көкшетау қаласының маңайында тоң тереңдігі 109-166 см, еруі – 30-56 см-ді құрады.

Қарағанды облысында тоң тек Осакаров ауданында 44-150 см топырақ қабатында және Ақтоғай ауданында 30-55 см қабатта сақталады.

Павлодар облысында – қатқан топырақ қабатының қалыңдығы 30-40-тан 140 см-ге дейін, кей жерлерде 200 см-ден асады. Қатқан топырақтың төменгі шекарасы 61-ден 150 см-ге дейінгі тереңдікте байқалады, облыстың солтүстік-шығысында ол 275 см-ге жетеді, жоғарыдан еруі 20-22 см Ертіс және Железин аудандарында, Павлодар, Успенка, Ақтоғай аудандарында 100-128 см-ге дейін біркелкі емес.

Толық еруі Ертіс және ішінара Павлодар, Ақтоғай, Шарбақты аудандарында байқалады.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында тоң тереңдігі Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан, Қатонқарағай аудандарында сақталады – қатудың төменгі шекарасы 72–100 см, еруі 38 – 70 см. Глубокое және Алтай аудандарында 32-43 см, еруі 2-12 см. Қалған аумақтарда топырақ толығымен еріген.