Оқиға • 17 Сәуір, 2024

Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Үстіне ағаш құлаған алматылық өтемақы ала алмай отыр

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны Айдын Боранбаевтың үстіне қарағаш құлап түскен. Сол сәтте ол өз велосипедін тұраққа қойып тұрған еді. Ақыры ауыр дене жарақаттарын алған ер адам жұмысын жалғастыра алмай, қызметтен кетуге мәжбүр болған. Келеңсіз оқиғадан бері 9 ай өтті, ал кінәлілер әлі табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Үстіне ағаш құлаған алматылық өтемақы ала алмай отыр

Фото: ktk.kz

«Жұмыс күні аяқталғаннан кейін нысаннан бірге шыққан әріптесіммен ағаштың жанында қоштасып тұрдым. Ол ары қарай кетті. Ал мен велосипедпен үйге қайтпақшы болдым, сол кезде ағаштың сынғанына ұқсас дыбыс естідім. Жоғарыға қараған мезетте үстіме ағаш діңі түсті», деді жәбірленуші КТК телеарнасына берген сұхбатында. 

Зардап шеккен 36 жастағы ер адам құрылыс алаңында жұмыс істеген. Алайда бұл оқиғадан кейін ол жұмысынан айырылып қалған. Себебі оның бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның бір омыртқасы да сынған. Отбасында жалғыз өзі жұмыс істеген ер адам әйелі мен екі баласын асырай алмай отыр.

«Қаражатсыз қалдық, қарызданып жүрмін. Барлық несиелердің мерзімі өтіп кеткен. Жалға алған екі бөлмелі пәтерден көшуге тура келді», деді Айдын Боранбаев.

Ол бұл мәселе бойынша аудан әкімдігіне жүгінгенін тілге тиек етті. Оқиға болған жердегі ағаштар ЖОО аумағында өсіп тұрғаны анықталды. Тиісінше, бұл ағаштарға ЖОО әкімшілігі жауапты.

Зардап шегушінің заңгері Жандос Ниязалиев ЖОО басшылығы кінәлілерді іздемегенін, тиісті көмек көрсетпегенін айтты.

Айта кетсек, келеңсіз оқиға өткен жылдың 20 маусымында аграрлық университет аумағында болған. Төтенше жағдайдан кейін ағаш ішінара кесілді, бірақ бұтақтардың бір бөлігі әлі күнге дейін көше үстінде ілініп тұр.

ЖОО проректоры зардап шеккен ер адам туралы кеше ғана білгенін алға тартты. Оның айтуынша, университет өз ағаштарына жауап берсе де, оларды өз еркімен кесе алмайды, бұл іспен тендер жеңіп алған компания айналасуы керек.

Соңғы жаңалықтар

Көрдік біз барып Күршімді

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Көкшедегі 16 мың көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Абайдың жаңа әні табылды

Абай • Бүгін, 07:35

Аңдатпа: «Абай»

Аңдатпа • Бүгін, 07:30